jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

2 тамызда eGov.kz, e-Otinish және өзге де электрондық қызметтер уақытша жұмыс істемейді

Egov.kz сайты
Egov.kz сайты. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2 тамыз сағат 02:00-ден сағат 06:00-ге дейін кейбір мемлекеттік электронды сервистердің жұмысы шектеледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания мәліметінше, бұл жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты.

"Техникалық жұмыстар 2025 жылғы 2 тамыз сағат 02:00-ден сағат 06:00-ге дейін жүргізіледі. Бұл уақыт аралығы пайдаланушылардың белсенділігі ең төмен кез екені ескеріле отырып таңдалды, бұл қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:

  • eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы ("Цифрлық

құжаттар" сервисін қоса алғанда);

  • e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО)

сервистері;

  • "ҰАТ" АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
  • Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.

Осыған байланысты "ҰАТ" АҚ барлық қажетті операцияны алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыстар кезінде құжат көрсету қажет болған жағдайда олардың түпнұсқаларын дайындауды ұсынады.

2 тамызда eGov.kz, e-Otinish және өзге де электрондық қызметтер уақытша жұмыс істемейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.