jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Ұялы байланыс тарифтері неге қымбаттап жатыр: Цифрлық даму вице-министрі жауап берді

Ұялы телефон ұстап тұрған адам.
Ұялы телефон ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Министрлер кабинетінде өткен брифингте Цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун ұялы байланыс тарифтері неліктен қымбаттап жатқаны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер Қазақстанда ұялы байланыс қызметтеріне тарифтер неліктен үздіксіз көтеріле беретінін сұрады.

"Өткен айда байланыс үшін 4600 теңге төлесек, бір айдан кейін 5600 болды. Неге шектеу енгізбейсіздер? Қазақстандықтардың жалақысы ай сайын көтеріліп жатқан жоқ қой", - деді журналистер.

Вице-министр Дмитрий Мун байланыс сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Операторлардың тарифтерін реттеу функциясы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жүктелген, бізге белгілісі – операторларға тарифтерінің құрамдас бөліктерін көрсетсін деген хабарламалар жіберілген.

Ережелерге сәйкес қоғамдық тыңдаулар мен тиісті процедуралар өткізілуі керек. Қазіргі уақытта министрлік тарабынан біздің құзыретіміз шегінде ешқандай шектеу қою мүмкін емес. Бұл Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құзырында" - деп жауап берді ол.

Ұялы байланыс тарифтері неге қымбаттап жатыр: Цифрлық даму вице-министрі жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.