jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Прокуратура: Қазақстандықтарға скринингтен өту үшін жылына үш күн әлеуметтік демалыс берілуге тиіс

Дәрігер мен емделуші
Дәрігерге қаралған емделуші. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда еңбеккерлерге жыл сайынғы скринингтік зерттеулерден өту үшін үш күн мерзімге әлеуметтік демалыс берілуге тиіс, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ прокуратураға сілтеме жасап.

Жетісу облысының прокуратурасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбеккерлерге жыл сайынғы скринингтік зерттеулерден өту үшін әлеуметтік демалыс берілуге тиіс екенін еске салды.

Алайда Қаратал ауданындағы медициналық мекемелермен салыстыру кезінде, соңғы 2 жылда 90-нан астам жұмысшы мұндай тексеруден өтпегені және жұмыс берушінің оларға әлеуметтік демалыс бермегені белгілі болған.

"Сонымен қатар жұмыс беруші қызметкерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті, бірақ 70 қызметкердің сақтандыру шарты болмаған", - дейді прокуратура өкілдері.

Қаратал аудандық прокуратурасының қадағалау актісімен азаматтардың құқықтары қалпына келтіріліп, 3 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Прокуратура: Қазақстандықтарға скринингтен өту үшін жылына үш күн әлеуметтік демалыс берілуге тиіс

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.