jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Баспалдақтан итеріп жіберді": Амантай қажы алғаш рет өзіне қатысты жанжалға түсінік берді

Амантай қажы
Амантай қажы. Фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

Амантай қажы алғаш рет өзін "баспалдақтан итеріп жіберді" деп айыптаған әйелдің оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Амантай қажы бүгін Алматыда ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсіміне қатысты. Сондай-ақ ол өзіне қатысты жанжалға қатысты түсінік беруге келісті. Амантай қажы журналистің "Әйелді итеріп жібердіңіз бе?" деген сұрағына жауап берді.

"Менің бұған еш қатысым жоқ. Бұл бұрмалаушылық. Кадрдан оның құлап жатқанын көруге болады – мен ол жерде жоқпын, болмадым да. Не айтамын? Мен жұма күні әдеттегідей таңғы сағат 6-да стадионға келдім. Ол кабинеттен шығып, тіпті айтуға ыңғайсыз, мені құшақтап алды. Мен оның қолынан итеріп жібердім. Ол "құласам, мені көтеріп тұрғызады" деп ойлаған, сірә.

Мен көтеріп, тұрғызбадым, кеттім, жаттығу жасадым, қайтып келдім - ол шай ішіп отыр екен. Міне, осылай болды. Олардың жалақысы аз. Біреу оны ақшаға сатып алды. Сосын бірден ауруханаға келдім, адаммын ғой. Ал онда дәрігерлер: "Оны тексердік" деді. Ол отырды", - деді белсенді.

Ол болған оқиғаға "жемқор шенеуніктерді" кінәлады.

"Жемқорлыққа керегі де осы. Айтайын дегенім, халықтан жырақ жүрген шенеуніктер мені халықпен оңай араласатыным үшін қызғанады. Жемқорлықпен күрес жалғасуда. Мені Алла қолдайды, мені Алла тағала биікке көтерді", - дейді Амантай қажы.

Еске салайық, бұған дейін алматылық әйел Амантай қажының өзін баспалдақтан итеріп жібергені туралы мәлімдеген.

Алматы қаласы Полиция департаментінің өкілдері бұл дерек бойынша Алмалы ауданы полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Алған жарақатының деңгейі қаншалықты ауыр екенін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалған.

"Баспалдақтан итеріп жіберді": Амантай қажы алғаш рет өзіне қатысты жанжалға түсінік берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.