jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Әсем Нүсіпова Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Әсем Нүсіпова
Әсем Нүсіпова. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әсем Нүсіпова Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен өз еркімен босатылды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, Әсем Нүсіпова бүгін, 2025 жылдың 7 тамызында қызметінен кетті.

"2022 жылдың ақпанынан бастап ол білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау салаларына жетекшілік етті", - делінuен хабарламада.

Еске сала кетейік, Әсем Нүсіпова бұл қызметке 2022 жылдың ақпанында Ерболат Досаев Алматы әкімі болып тұрған кезде тағайындалған.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы 1 мамырда Алматыда дүниеге келген.

Ол әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "экономика және менеджмент" мамандығы бойынша магистратура мен аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент қызметінен бастады. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы болып тағайындалды, 2002-2003 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығы секторының меңгерушісі қызметін атқарды.

2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кеңесшісі, (қоса атқару бойынша) Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі ЕурАзЭҚ хатшылығы жанындағы ұйымдастыру-сараптама тобының кеңесшісі, сондай-ақ 2005 жылы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі, Премьер-министр кеңесшілері тобының жетекшісі болды.

2006 жылы - Премьер-министр кеңсесінің Жиынтық талдау бөлімінің меңгерушісі болған.

2007 жылдан бастап 2008 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымын атқарып, кейіннен 2016 жылға дейін "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болды.

2016-2019 жылдар аралығында Әсем Нүсіпова Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы лауазымында, 2020 жылдың қазан айынан бастап денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды.

2022 жылдың ақпанында Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.

Әсем Нүсіпова Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.