jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі шықты

Студенттер
Студенттер. Көрнекі фото: pexels.com

Халықаралық бағдарламалар орталығы "Болашақ" халықаралық стипендиясы мен "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламасы иегерлерінің тізімі жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ ресми Telegram-арнасындағы ақпаратқа сәйкес, шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 217 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды.

Оның ішінде 167 адам магистратурада, 13 адам докторантурада оқиды, ал 37-і әлемнің үздік университеттері мен орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді.

Бұл ретте стипендиаттардың 67,7 пайызы жаратылыстану-техникалық пәндер бойынша, ал 32,3 пайызы қоғамдық-гуманитарлық бейін бойынша оқиды.

Бұған қоса Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 68 қазақстандыққа әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия тағайындалды.

Толық тізімді мына жерден қарауға болады.

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.