jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Тұман, найзағай және аптап ыстық: синоптиктер Қазақстан өңірлерінде дауыл тұратынын ескертті

Тұман басқан қала
Тұман. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жексенбі, 10 тамызда еліміздің басым бөлігін тұман басып, найзағай ойнап, жел соғады. Ал бірқатар өңірде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

10 тамызда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, орталығында тұман түседі.

10 тамызда күндіз Түркістан облысында 40 градус аптап ыстық болады. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында 10 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында 10 тамызда күндіз 40 градус аптап ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

11 тамызда Қызылорда облысында күндіз +37+42°С аптап ыстық болады. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.

10 тамызда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

10 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай жарқылдайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 10 тамызда күндіз найзағай жарқылдайды.

10 тамызда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

10 тамызда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Павлодар қаласында 10 тамызда түнде және таңертең тұман түседі.

10 тамызда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

10 тамызда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 10 тамызда кей уақыттарда найзағай жарқылдайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.

10 тамызда Қызылорда облысының оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 10 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

10 тамызда күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде, ортасында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 10 тамызда күндіз 38 градус аптап ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

10 тамызда Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

10 тамызда Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 10 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

10 тамызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында 10 тамызда түнде найзағай жарқылдайды.

10 тамызда түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

10 тамызда Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз 38 градус аптап ыстық болады. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 10 тамызда күндіз найзағай жарқылдайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

10 тамызда Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында 10 тамызда найзағай жарқылдайды.

Тұман, найзағай және аптап ыстық: синоптиктер Қазақстан өңірлерінде дауыл тұратынын ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.