jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Пашинян Астанаға келеді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян. Фото: Ақорда

Қазақстандық СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Нұртілеу Армения СІМ басшысын Вашингтонда өткен үшжақты кездесудің қорытындысы бойынша Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбітшілік орнату туралы декларацияға қол қойылуымен құттықтады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі бұл қадамның Оңтүстік Кавказ өңірінде тұрақты бейбітшілік орнату, орнықты даму мен өркендеуді қамтамасыз ету жолындағы маңыздылығын атап өтті.

"Тараптар өңірлік коммуникацияларды ашу бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында сауда, логистика және көлік салаларындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады", - делінген хабарламада.

Сұхбат барысында алдағы уақытта Армения премьер-министрі Никол Пашинянның Астанаға ресми сапары аясында екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерге ерекше назар аударылды.

Пашинян Астанаға келеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.