jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

"6900 доллар алған": Түркістан облысында ақша бопсалаған блогер ұсталды (видео)

Күдікті
Күдікті. Фото: Polisia.kz

Блогер Түркістан облысындағы кафелердің бірінде ақша алып жатқан сәтінде ұсталды. Ол жергілікті кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ІІМ-нің ресми сайты.

Ұстау операциясына Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қатысты. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, блогер әлеуметтік желіде жәбірленушінің беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, одан алдымен 2000 АҚШ долларын алып, кейін тағы 4 миллион теңге талап еткен.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде блогерді Сайрам ауданы кафелерінің бірінде 6900 АҚШ доллары сомасында ақша алып жатқан сәтінде ұстады.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

"6900 доллар алған": Түркістан облысында ақша бопсалаған блогер ұсталды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.