jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Тілін көрсетті": Руслан Берденовтің ісі бойынша судьяның видеоға түсіп қалған әрекеті тексеріледі

Әбінұр Қарабаев
Әбінұр Қарабаев. Фото: otyrar.kz

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі қаралып жатқан сот отырысында тілін шығарған судья Әбінұр Қарабаевтың видеосына қатысты Шымкент сотының баспасөз қызметі өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына қастандық жасау фактісі бойынша қылмыстық істі қарау кезіндегі төрағалық етуші судья Әбінұр Қарабаевтың әрекеті Судья әдебі кодексінің талаптарын бұзу бойынша тексеріледі.

Заң талаптарына сәйкес қызметтік тексеру тағайындалады. Оның қорытындысы бойынша материалдар Судья әдебі жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.

Судья беделіне нұқсан келтіретін құқық бұзушылық фактісін жасағаны расталса, материалдар Жоғарғы Сот Кеңесінің Сот қазысына жіберіледі", - деді NUR.KZ тілшісіне Шымкент сотындағылар.

Баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, қандай жағдай болса да судьялар кәсіби судьялық этика нормаларын қатаң сақтауға және халықтың сот жүйесіне деген сенімінің жоғары деңгейін ұстануға міндетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісін қарау кезіндегі судья Әбінұр Қарабаевтың әдеттен тыс қылығын журналист видеоға түсіріп алғанын хабарлағанбыз.

Журналисттің сөзінше, өткен сот отырысында сотқа төрағалық етуші судья Әбінұр Қарабаев күтпеген жерден оған тілін шығарған.

"Тілін көрсетті": Руслан Берденовтің ісі бойынша судьяның видеоға түсіп қалған әрекеті тексеріледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.