jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Руслан Берденов ісі: айыпталушы сотта соңғы сөзін айтты

сот залы
Сот залы. Көрнекі фото: Рixabay.com

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы іс бойынша күдікті болып танылған Ернар Жиембай сотта соңғы сөзін айтты. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сотталушы соңғы сөзінде жәбірленуші мен барша қазақстандықтардан кешірім сұрап, соттан әділ шешім шығаруын өтінді.

Ернар Жиембай кінәсін ішінара мойындағанымен, қылмыстың өздігінен бола салмағанын ескеруін сұрады. Сараптама нәтижесі бойынша ол ақыл-есі дұрыс деп танылған. Сол себепті күдікті еш себепсіз өзі келіп, адамға оқ жаудырмайтынын жеткізді.

Сондай-ақ сотталушы тергеу кезінде берген жауаптарын растап, бұл жағдайдың саясатқа еш қатысы жоқ екенін айтты.

Ернар Жиембай бұл оқиға өзіне аса ауыр өмірлік сабақ болғанын жеткізді. Сөзінше, қазіргі уақытта әкесі сырқаттанып қалған. Күдікті отбасының жалғыз асыраушысы болғанын айтып, екі кішкентай ұлы бар екенін ескеруін өтінді.

"Отбасым мен балаларымды ойласам жүрегім ауырады. Мен шынымен қатты өкінемін", - деді сотталушы.

Күдікті уақытты артқа қайтара алса, мұндай әрекетке бармайтынын айтты.

Қастандық туралы іс бойынша сот үкімі ертең, 20 тамызда сағат 12:00-де шығады

Руслан Берденов ісі: айыпталушы сотта соңғы сөзін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.