jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда WhatsApp, Telegram мессенджерлерін қолдануға тыйым салынатыны рас па: министрлік түсінік берді

WhatsApp логотипі
WhatsApp логотипі. Иллюстрациялық фото: Rafael Henrique / SOPA Images / LightRocket / Getty Images

Цифрлық даму министрлігі Aitu мессенджерінің енгізілуіне байланысты елімізде шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салынады деген ақпараттың таралуына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрліктің мәліметінше, БАҚ-та таралып жатқан WhatsApp, Telegram және басқа да шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салынады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жеке мақсатта шетелдік сервистерді қолдануға еш тыйым салынбайды.

"Aitu мессенджерін енгізу бастамасы тек орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор ұйымдарына қызметтік коммуникация үшін ғана ұсынылады.

Ол мемлекеттік қызметкерлер тек жұмыс барысында пайдаланатын ақпаратпен қауіпсіз алмасуды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Мақсаты – ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру және қорғалған цифрлық ортаға көшу.

Aitu қызметтік хат алмасудың, жұмыс чаттарының, жедел хабарламалардың және мемлекеттік цифрлық платформалармен өзара әрекеттесудің негізгі құралына айналады. Оның басты артықшылығы – барлық сервер Қазақстан аумағында орналасқан, бұл деректерді қорғау талаптарына сәйкес келеді және жүйені мемлекеттік органдар үшін сенімдірек етеді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада елімізде жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткен еді.

Кеңесте мемлекет басшысы Қазақстанда тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ете алатын отандық Aitu мессенджері әзірленгенін хабарлады.

Президенттің айтуынша, үкімет жеке деректерді қолданатын барлық коммуникацияны қорғалған ұлттық мессенджерге көшіру мәселесін пысықтауы керек.

Қазақстанда WhatsApp, Telegram мессенджерлерін қолдануға тыйым салынатыны рас па: министрлік түсінік берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.