jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстанда магистратура гранттары тағайындалды

Студенттер
Студенттер. Иллюстрациялық фото: Fizkes/Getty Images

2025-2026 оқу жылына арналған магистратураның мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның жұмысы аяқталды, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, Республикалық комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.

Комиссия отырысында үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу қолданыстағы ережелер негізінде конкурс тәртібімен жүзеге асырылды.

Биылғы жылы конкурсқа қатысу үшін 20 мыңнан астам өтініш қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 мыңға артық. Болашақ магистранттар арасында ең сұранысқа ие білім беру бағыттары – "Педагогикалық ғылымдар", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары".

Грант тағайындау конкурсының нәтижелері 23 тамызда Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрінің, Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2025 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.

Қазақстанда магистратура гранттары тағайындалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.