jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Кәрім Мәсімовтің үйіне ұқсайтын нысанға қатысты тың мәлімет шықты

Астанадағы зәулім үй
Астанадағы зәулім үй. Фото: auction.e-qazyna.kz

Кәрім Мәсімовтен тәркіленген үйге ұқсас үй зерттелгеннен кейін әлеуметтік нысанға айналмайтын болды. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасы өкілдері айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметіндегілер NUR.KZ тілшісіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы "Кәрім Мәсімовтен тәркіленген үйге ұқсас үй әлеуметтік нысанға айнала ма?" деген сауалға түпкілікті жауап қайтарды.

"Астана қаласының Білім басқармасы нысанды қосымша зерттеу барысында оның санитарлық нормаларға және әлеуметтік нысанға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтінін анықтады.

Осыған байланысты білім беру ұйымдарын осында көшіру үшін аталған нысанды коммуналдық меншікке қабылдау қарастырылмаған", - делінген жауапта.

Айта кетейік, сәуірде Астанадағы бұл үй мемлекет меншігіне өтуі мүмкін деген ақпарат тараған еді.

Мамырда қайтарылған активтер бойынша компания басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген болуы мүмкін үйді әлеуметтік нысанға айналдыруға болатынын хабарлаған.

Бірақ бір айдан кейін Астана әкімдігі үйді өз балансына қабылдау жоспарда жоқ екенін хабарлады. Бұған дейін бұл мүлікті бұрын аукционда сатуға әрекет жасалғанын, бірақ сатып алғысы келетіндер табылмағанын жазғанбыз.

Кәрім Мәсімовтің үйіне ұқсайтын нысанға қатысты тың мәлімет шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.