jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

ҚМДБ дінтанушының желіде тараған видеосына қатысты мәлімдеме жасады

ҚМДБ ғимараты
ҚМДБ ғимараты. Фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дінтанушы Ризабек Батталұлының желіде тараған видеосына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мүфтияттың мәліметінше, әлеуметтік желілерде дінтанушы Ризабек Батталұлының әйелдерге қатысты орынсыз пікірлері айтылған ескі бейнежазба қайта тарап жатыр.

"Бұл видео 9 жыл бұрын түсірілген. Сол кезде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан дінтанушыға ескерту жасалып, Ризабек Батталұлы қателігін мойындап, 2018 жылы арнайы кешірім видеосын жариялаған болатын.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл пікірлерді қолдамайды. Исламда әйелге құрметпен қарау, ар-намысын қорғау, зорлық-зомбылықтан сақтау – басты талаптардың бірі.

Әйелге күш көрсету – шариғатқа да, еліміздің заңдарына да қарсы әрекет. ҚМДБ әйелдердің құқығын қорғауды, отбасындағы өзара сыйластық пен мейірімділікті арттыруды қолдайды", - делінген ҚМДБ-ның Facebook парақшасында жарияланған мәлімдемеде.

ҚМДБ дінтанушының желіде тараған видеосына қатысты мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.