jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда қала жолдарындағы жылдамдық төмендетілуі мүмкін

Көшедегі көліктер
Көше. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала жолдарындағы жылдамдық төмендеуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, Комитет ұжымы жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қайта қарап жатыр.

"Қазір біз бұл мәселені жұмыс барысында назарға алып, қарастырып жатырмыз. Ал депутаттар каникулдан оралған соң оны бірге талқылаймыз. Мәселе қарастырылып жатыр. Қабылданған шешім туралы қосымша хабарлаймыз", - деді ол.

Айта кетейік, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Қайсар Сұлтанбаев мектеп бағдарламасына оқушыларға жол қозғалысы ережелерін үйрететін міндетті пән енгізуді ұсынды.

Сонымен қатар бұған дейін Астана-Қарағанды ​​тас жолының бір бөлігінде жылдамдықты шектеу енгізілгені хабарланды – жылдамдық арнайы техникалық құралдардың көмегімен әдеттегі 140 шақырымнан 20 шақырымға дейін төмендетілген.

Қазақстанда қала жолдарындағы жылдамдық төмендетілуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.