jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматыда салқындатқышы бар электроавтобустар жүретін жаңа бағыт ашылмақ

Автобус
Автобус. Фото: Telegram / AlmatyJoly

Алматыда қоғамдық көлікті жаңарту және экологиялық жағдайды жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр. Қалалық мобильділік басқармасы жаңа бағыт ашып, оны электроавтобустармен қамтамасыз етпек, деп хабарлайды Almaty_joly Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

№90 бағыттағы автобус Абай даңғылы бойымен – К.Медеубеков көшесінен Республика сарайына дейін қатынайды. Бұл жаңа бағыт Наурызбай ауданындағы Қалқаман және Шұғыла шағынаудандары тұрғындарының қатынасын жеңілдетеді.

Бағытта ұзындығы 12 метрлік Golden Dragon маркалы электроавтобустар қызмет көрсетеді. Олар дыбыссыз жүріп, салқындатқыштармен, бейнебақылау камераларымен, USB-ұяшықтарымен, жүргізушіні қадағалау жүйелерімен және өзге де заманауи құралдармен жабдықталған.

Жолаушыларды "Алматыэлектротранс" коммуналдық кәсіпорны тасымалдайды. Жаңа бағыт 2 қыркүйектен бастап жұмыс істейді.

Маршрут сызбасы
Маршрут сызбасы. Сурет: Telegram / AlmatyJoly

Алматыда салқындатқышы бар электроавтобустар жүретін жаңа бағыт ашылмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.