Тоқаев құрметті қонақ ретінде Бейжіңдегі әскери парадқа қатысты (видео)
Опубликовано:
Читать на русском
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құрметті қонақ ретінде әскери парадқа қатысу үшін Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңына барды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыста және жапон басқыншылығына қарсы күресте жеткен Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тамашалау үшін Тяньаньмэнь алаңына барды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Құрметті қонақ ретінде шақырылған президент әскери парадты тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
РБК мәліметіне сәйкес, парадта жүздеген ұшақ, оның ішінде жойғыштар мен бомбалаушы ұшақтар, сондай-ақ заманауи қарулар, оның ішінде гипер дыбыстық жылдамдыққа жете алатын дәлдігі жоғары зымырандар көрсетіледі.
Басылымның хабарлауынша, парадқа 20-дан астам шетелдік көшбасшы құрметті қонақ ретінде шақырылған. Тоқаевтан бөлек қатысушылар арасында Ресей президенті Владимир Путин, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын, Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян және Иран президенті Масуд Пезешкиан бар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2281749-toqaev-qurmetti-qonaq-retinde-beizhingdegi-askeri-paradqa-qatysty-video/