jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Журналистік этиканы бұзу": СІМ ресми өкілі министрдің ұсталғаны туралы қауесетке қатысты түсінік берді

Сыртқы істер министрлігі ғимараты
Сыртқы істер министрлігі ғимараты. Фото: СІМ

Сыртық істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министр Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы жалған ақпарат тарауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстанның Сыртқы істер министрі ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Мұны журналистік этиканы және еліміздің қолданыстағы заңнамасын бұзу деп бағалаймыз", - деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, бұған дейін сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жалған ақпарат тарады. Бұған қатысты мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеме жасап, аталған дерек шындыққа жанаспайтынын айтты.

Сондай-ақ Орталық коммуникациялар қызметі Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы да Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Журналистік этиканы бұзу": СІМ ресми өкілі министрдің ұсталғаны туралы қауесетке қатысты түсінік берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.