jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Желіде Балқаш мектептерінде теракт болады деген ақпарат тарады

мектеп оқушысы
Оқушы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әлеуметтік желіде Балқаштағы мектептерде әлдебіреулер терактілер жасауға дайындалып жатқаны туралы хабарламалар тарады — бұған қатысты қала әкімдігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қала әкімдігі мәліметінше, Telegram желісінде қала мектептеріне қатысты қауіп жөнінде жалған ақпарат таралып жатқанымен, бұл хабарламалар шындыққа жанаспайды.

"Барлық мемлекеттік орган мен құқық қорғау қызметтері қалыпты режимде жұмыс жасап жатыр, тұрғындардың қауіпсіздігі толық бақылауда. Сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер, арандатушылыққа ермеңіздер және жалған ақпарат таратпаңыздар. Есіңізде болсын: жалған мәлімет тарату — қылмыстық жауапкершілікке әкеледі", - деп ескертті әкімдік өкілдері.

Балқаш қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы да интернетте тараған теракт туралы хабарламаларды жалған деп атады.

Желіде Балқаш мектептерінде теракт болады деген ақпарат тарады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.