jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Мемлекет тек нағыз мұқтаждарға көмек көрсетуі керек": премьер-министр күмәнді әлеуметтік төлемдерді тоқтатуды тапсырды

Ақша ұстаған адам қолы
Ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/ВладимирТретьяков

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов күмәнді жәрдемақылар мен төлемдерді қысқартып, әлеуметтік қолдау шараларының бірыңғай стандартын жасау керегін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Еңбек министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, 1 желтоқсанға дейін барлық өңірге арналған әлеуметтік қолдау шараларының бірыңғай стандартын әзірлеуі керек. Барлық күмәнді және тиімсіз әлеуметтік төлем мен жәрдемақыны алып тастау керек.

Біз әлеуметтік әділеттілікті сақтап, тәуелділік психологиясына қарсы шаралар қабылдаймыз. Үкіметтің міндеті – барлығына бірдей жағдай жасау, ал азаматтар жұмысқа тұруға, өзін және отбасын қамтамасыз етуге ұмтылуы керек. Мемлекет тек нағыз мұқтаж жандарға көмек көрсетуге баса назар аударуы керек", - деді премьер-министр.

Ол сондай-ақ 1 қарашаға дейін Цифрландыру министрлігімен бірлесіп, Еңбек министрлігі жанындағы әлеуметтік саланың Бірыңғай цифрлық платформасын енгізу қажет екенін айтты.

"Мемлекет тек нағыз мұқтаждарға көмек көрсетуі керек": премьер-министр күмәнді әлеуметтік төлемдерді тоқтатуды тапсырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.