jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Руслан Берденов ісі бойынша сотта "тілін шығарды" деген судьяға қатысты комиссия қандай шешім шығарды

Судья
Судья Әбінұр Қарабаев. Видеодан кадр: facebook.com/botagoz.omarova.393645

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі қаралып жатқанда тілін көрсеткен судья Әбінұр Қарабаевқа қатысты Судья әдебі комиссиясының қандай шешім қабылдағаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Судья әдебі жөніндегі комиссия судья Әбінұр Қарабаевқа қатысты тексеріс материалдарын мәні бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриіне қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта бұл шешім заңды күшіне енген жоқ, судья Қарабаев оған шағымдануға құқылы", - деп хабарлады Шымкент сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісін қарау кезіндегі судья Әбінұр Қарабаевтың әдеттен тыс қылығын журналист видеоға түсіріп алғанын хабарлағанбыз.

Журналисттің сөзінше, өткен сот отырысында сотқа төрағалық етуші судья Әбінұр Қарабаев күтпеген жерден оған тілін шығарған.

Судьяның видеосына қатысты Шымкент сотының баспасөз қызметі өкілдері пікір білдірген еді. Олар Әбінұр Қарабаевтың әрекеті Судья әдебі кодексінің талаптарын бұзу бойынша тексерілетінін, заң талаптарына сәйкес қызметтік тексеру тағайындалатынын айтқан.

Руслан Берденов ісі бойынша сотта "тілін шығарды" деген судьяға қатысты комиссия қандай шешім шығарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.