jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Қосымша шығындарды талап етеді": Қазақстанда жүргізуші куәлігінен электронды чипті алып тастамақ

Жүргізуші куәлігі
Жүргізуші куәлігі. Иллюстрациялық фото: gov.kz

Елімізде жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінен электрондық чипті алып тастамақ. Ішкі істер министрлігі тисті бұйрық жобасын әзірлеп, "Ашық НҚА" порталында қоғам талқылауына шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құжатта жобаның мақсаты – жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінен электрондық чипті алып тастау екені, бұл қаржылық тұрғыдан тиімді болатыны айтылған.

"Чип модульдерін енгізу мен пайдалану қосымша шығындарды талап етеді, ал олардың функциялары қазіргі уақытта мемлекеттік деректер қоры мен ақпараттық жүйелер арқылы толық көлемде қамтамасыз етіледі.

Осыған байланысты чипті алып тастау, бюджет қаражатын үнемдеуге және құжаттарды дайындау процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді", - делінген бұйрық жобасында.

Бұйрық жобасы 22 қыркүйекке дейін қоғам талқылауында болады.

"Қосымша шығындарды талап етеді": Қазақстанда жүргізуші куәлігінен электронды чипті алып тастамақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.