jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандықтар қашан тіс емдеуге зейнетақы қаражатын қайта пайдалана алады

Түс емдеп жатқан дәрігер
Түс емдеп жатқан дәрігер. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

15 қыркүйектен бастап Қазақстанда зейнетақы қорындағы қаражатты стоматологиялық қызметтерге пайдалану үшін өтінім қабылдау уақытша тоқтатылды. Бұл шектеулер 2026 жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасатын болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тіс емдеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтінім қабылдау уақытша тоқтатылғанын "Отбасы банк" өкілдері хабарлаған болатын.

Енді бұл шектеулердің қай уақытқа дейін созылатыны белгілі болды. Банк қызметкерлерінің мәліметінше, үкімет шешіміне сәйкес, enpf-otbasy.kz платформасы арқылы стоматологиялық қызметтерге өтінім беру мүмкіндігі 2025 жылдың 15 қыркүйегінен 2026 жылдың 15 сәуіріне дейін уақытша тоқтатылады. Бұл шектеу зейнетақы қаражатын мақсатсыз пайдалану және құжаттарды қолдан жасау фактілерінің жиілеп кетуіне байланысты енгізілді.

"Шектеу кезеңінде уәкілетті органдар алаяқтық схемаларды болдырмауға және зейнетақы жинақтарын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа механизмдерді әзірлейді", - делінген ресми хабарламада.

Жария болған мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдан бері Отбасы банк платформасы арқылы "Стоматологиялық қызметтер" бағыты бойынша 757 млрд теңгеге 795 мыңнан астам транзакция жасалған.

"Талдау нәтижесі бойынша, осы қаражаттың шамамен 223 млрд теңгесі 20 ірі стоматологиялық клиникаға тиесілі болған. Олардың жартысы Атырау қаласында орналасқан, қалғаны Алматы мен Астанада болған", - деп хабарлады банк өкілдері.

Қазақстандықтар қашан тіс емдеуге зейнетақы қаражатын қайта пайдалана алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.