jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алакөлде жағалауды су шаю қаупіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

Алакөл көлі
Алакөл көлі. Фото: Ukususha / Getty Images

Абай облысы Мақаншы ауданындағы Алакөл көлінің демалыс аймағында жағалауды су шаю қаупіне байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мақаншы ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" құжатта көрсетілген ақпаратқа сәйкес, Абай облысы Мақаншы ауданы Қабанбай ауылдық округі, Алакөл көлінің демалыс аймағында демалыс үйлерінің ғимараттары орналасқан жағалауды шаю, шаруашылық жүргiзу объектiлерiне материалдық залал келу қаупі туындауы мүмкін.

"Осы негіздерге сүйене отырып жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Абай облысы Мақаншы ауданы әкімінің орынбасары Алия Нұрышқызы Сарбаева тағайындалсын.

Абай облысы "Мақаншы ауданы әкімінің аппараты" мемлекттік мекемесінің аппарат басшысы Нұрсұлтан Советбекұлы Жақыпбаев Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімнен туындайтын іс-шаралар жүргізсін", - делінген құжатта.

Бұл шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

"Бүгінгі басты міндет — қирауға жол бермеу және демалыс нысандарының сақталуын қамтамасыз ету. Барлық қызмет дайындық режимінде тұр", — деп атап өтті Kazinform тілшісіне Мақаншы ауданы әкімінің орынбасары Әлия Сарбаева.

Агенттік ұсынған ақпаратқа сенсек, маусым кезінде жағалауға ондаған мың демалушы келеді. Алайда жағалауды су шаю қаупі курорт имиджіне әсер етіп, туристер ағынын азайтуы мүмкін.

Алакөлде жағалауды су шаю қаупіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.