Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясы шамамен 20 пайызға қымбаттауы мүмкін
Опубликовано:
Читать на русском
Алматы қаласы мен облысында 1 қазаннан бастап электр энергиясының бағасын 19 пайызға көтеру ұсынылды. Бұл туралы қалада өткен қоғамдық тыңдаулар кезінде айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қоғамдық тыңдауда биылғы 1 қазаннан бастап күшіне енуге тиіс Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушылары үшін электр энергиясының шекті бағасының жобасы келісуге жіберілгені айтылды.
Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің хабарлауынша, бағаның көтерілуіне себеп – 2025 жылдың 1 тамызынан бастап "АЖК" АҚ-ның өңірлік желілері бойынша электр энергиясын беру қызметі тарифінің 12,96 теңгеден 14,25 теңгеге дейін өзгеруі, сондай-ақ 1 қазаннан бастап бекітілген бір киловатт үшін 13,99 теңге өтемдік тариф, сондай-ақ "ҚТЖ" АҚ-ның энергияны тасымалдау тарифтерін 1 сәуірден бастап киловатына 3,66 теңгеден 5,41 теңгеге дейін көтеруі.
Комитет өкілдері шекті бағаны бір киловатына 31,85 теңгеден 38,01 теңгеге дейін көтеруді ұсынды, бұл 19 пайызға өсім болады деген сөз. Тарифті 1 қазаннан бастап енгізу ұсынылып отыр. Бірақ соңғы шешім 25 қыркүйекте қабылданады.
Сондай-ақ комитеттегілер 2025 жылдың соңғы тоқсанында электр энергиясын сатып алудың жалпы құны 33,6 млрд теңге болатынын хабарлады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2286852-almaty-qalasy-men-almaty-oblysynda-elektr-energiiasy-shamamen-20-paiyzga-qymbattauy-mumkin/