jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыдағы "Байсат" базары сатылымға шығарылды

"Байсат"
"Байсат". Фото: e-auction.e-qazyna.kz

Алматы қаласында орналасқан "Байсат" көтерме-бөлшек сауда орталығы аукционға сатылымға шығарылды, деп хабарлайды KAZNUR.KZ тілшісі.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы сайтының хабарлауынша, аукцион E-Qazyna порталында өтеді. Қатысушы үлесі аукционға шығарылды, бастапқы бағасы 28 639 882 000 теңге.

Алайда лот сипаттамасында үлес мөлшері 100 пайыз деп көрсетілген.

Лотқа ілеспе құжаттамаға сәйкес Орталықтың жарғылық капиталы 26 324 820 000 теңге, ал бағалау кезіндегі кірісі 2 775 771 000 теңге. Таза пайда 1 235 203 000 теңге көлемінде деп көрсетілген.

Үлесті сатып алғысы келетіндер 2 863 988 200 теңге кепілдік жарна салуы керек.

Аукцион 2025 жылғы 18 қарашада сағат 10:00-де өтеді деп хабарланды.

"Активтерді сату Компанияның өндірілген активтерді басқару бойынша қызметі аясында жүзеге асырылып жатыр. Сатылымнан түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға бағытталып, қоғам мүддесі үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсалады", - деп атап өтті Қайтарылған активтерді басқару компаниясындағылар.

Алматыдағы "Байсат" базары сатылымға шығарылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.