jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Алматылықтарға жел сілкінісі туралы хабарлама келді: ТЖМ пікір білдірді

Алматы
Алматы. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Бүгін, 21 қыркүйекте 16:25 шамасында алматылықтарға жер сілкінісі туралы хабарлама келді. Алайда тұрғындар жер сілкінісін мүлдем сезбегендерін айтып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Назар аударыңыз! Жер сілкінісі! Қауіпсіз жерлерді паналаңыз. Дүмпулер аяқталғаннан кейін ғимараттардан қауіпсіз қашықтыққа эвакуацияланыңыз! Уәкілетті органдардың нұсқауларын мұқият қадағалаңыз. Қосымша ақпарат Төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы қаласы әкімдігінің сайттары мен әлеуметтік желілерінде", - делінген хабарламада.

Telegram-каналдардың хабарлауынша, бұл жағдай жергілікті халықтың үрейін тудырып, сауда орталықтарындағы тұрғындарды эвакуациялап бастады.

ТЖМ көп күттірмей пікір білдіріп, жер сілкінісі болғанын растады.

Ведомствоның хабарлауынша, 21 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 16:25-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

"Жер сілкінісі сезілмеді. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ", - делінген министрлік хабарламасында.

Алматылықтарға жел сілкінісі туралы хабарлама келді: ТЖМ пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.