jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Төтенше жағдайлар министрлігі кей қазақстандықтарға мәтіндік хабарлама келетінін ескертті

Ұялы телефон
Ұялы телефон. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін 22 қыркүйекте Қазақстан қалаларының бірінде халықты шұғыл мобильді хабардар ету жүйесінің техникалық тексерісі жүргізілетінін ескертіп, тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрліктің Telegram-каналында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Алматы облысының Қонаев қаласында 22 қыркүйек сағат 12:00-де халықты шұғыл мобильді хабардар ету жүйесінің техникалық тексерісі жүргізіледі.

"Сіздің мобильді құрылғыларыңызға дыбыстық белгімен қоса мәтіндік хабарлама түседі.

Аталған жүйе төтенше және шұғыл жағдайларда халықты хабардар ету үшін қолданылады. Мұндай хабарламалар түскен жағдайда, көрсетілген нұсқауларды мұқият орындауларыңызды сұраймыз", - делінген министрлік хабарламасында.

Еске салсақ, 21 қыркүйекте 16:25 шамасында алматылықтарға жер сілкінісі туралы хабарлама келді. Алайда тұрғындар жер сілкінісін мүлдем сезбегендерін айтты.

Кейін бұл ақпаратты ТЖМ баспасөз қызметі растады. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Төтенше жағдайлар министрлігі кей қазақстандықтарға мәтіндік хабарлама келетінін ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.