Перизат Қайраттың ісі апелляциялық сатыдағы сотта қарала бастады
Опубликовано:
Читать на русском
Елорда соты Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты апелляциялық шағымды қарауды бастады. Сотталғандар сот процесіне қатыспайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Апелляциялық сот отырысы онлайн режимде өтіп жатыр, оған айыпталушылардың адвокаттары қатысуда. Сот отырысына тек судья мен прокурор офлайн қатысып отыр.
Адвокат Асланбек Дәулетияровтың айтуынша, Перизат Қайрат пен оның анасының ісі қайырымдылық саласына жататындықтан қылмыстық-процессуалдық тәртіпте қаралуы мүмкін емес.
Сондай-ақ қайырымдылық жасаушылар іс бойынша жәбірленуші бола алмайды, өйткені ақша қайырымдылық қорына қайтарымсыз берілген, ал қаражат қордың меншігіне өтеді. Сондықтан адвокат бұл істі азаматтық іс деп есептейді.
Сондай-ақ ол Перизат Қайраттың анасына ешқандай айып тағылмағанын, бірақ ол сотталғанын атап өтті. Оның үстіне BIZ BIRGEMIZ қорынан оның шотына тікелей аударымдар түспеген, бұл оның кінәсіздігін көрсетеді.
Еске сала кетейік, биыл тамыздың басында адвокат Перизат Қайраттың үкімге шағымдану туралы шешім қабылдағанын, сол кезде аппеляциялық шағым түсіргенін хабарлаған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2289938-perizat-qairattyng-isi-apelliatsiialyq-satydagy-sotta-qarala-bastady/