jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Тұман, найзағай, үсік: Қазақстан өңірлерінде 25 қыркүйекте ауа райы бұзылады

Тұман
Тұман. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер ертең, 25 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай ойнап, тұман түсіп, үсік жүретінін ескертті, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

25 қыркүйекте түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жел екпіні 18-23 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында 25 қыркүйекте шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с-қа жетеді.

25 қыркүйекте күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Көкшетау қаласында 25 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

25 қыркүйекте күндіз Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-қа, кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді.

25 қыркүйекте түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 25 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

25 қыркүйекте Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

25 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-қа, кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

25 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с-қа, кей уақыттарды 23 м/с-қа жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында 25 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында 25 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

25 қыркүйекте таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында 25 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

25 қыркүйекте түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 1 градус үсік жүреді.

25 қыркүйекте түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

25 қырқүйекте Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

25-26 қыркүйекте Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

25 қыркүйекте Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде жел екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

25 қыркүйекте Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында жел күші 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 25 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 17 м/с-қа жетеді.

25 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-қа, күндіз 15-20 м/с-қа, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с-қа жетеді. Петропавл қаласында 25 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с-қа жетеді.

Тұман, найзағай, үсік: Қазақстан өңірлерінде 25 қыркүйекте ауа райы бұзылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.