jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Астанада алғашқы LRT пойызы қашан жүре бастайды

Рельсы LRT и вагон
LRT. Фото: CTS

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәжіліс кулуарында LRT қашан іске қосылатынын және вагондарды сынақтан өткізу мерзімі қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Алғашқы пойыз келесі аптада, 29 немесе 30-да іске қосылады деп күтіп отырмыз, мысалы, Әбу-Даби станциясынан Мәңгілік ел арқылы көпірге қарай. Әрі қарай күн сайын жұмыс уақытын, станциялар санын және пойыздарды көбейте береміз. Бір аптадан кейін вагондар бір-екі станция аралығында сынақ режимінде жүреді", - деді Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, сынақтан өткізу мерзімі 3 айдан 6 айға дейін созылады.

"Қосымша сегіз пойыз қазан айында келеді, ал 18 құрамның бәрі желтоқсанға дейін жұмыс істей бастайды. Біздің жоспарымыз бойынша барлық вагон келесі жылдың басына дейін пайдалануға беріледі. Желтоқсанның аяғына дейін немесе қаңтардың басы мен ортасына дейін барлық құрам сынақ режимінде жүреді деп күтеміз. Болжам бойынша жол жүру ақысы 200 теңге", - дейді ол.

Астанада алғашқы LRT пойызы қашан жүре бастайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.