Қостанай облысында қар жауды (видео)
Опубликовано:
Читать на русском
Қостанай облысында қар жауды. Оқиға куәгерлері табиғат құбылысын видеоға түсіріп алған. Ауа райының нашарлауына байланысты полиция жергілікті жүргізушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазгидромет бұған дейін өңірде дауылдық ескерту жарияланғанын хабарлаған. Синоптиктер 29 қыркүйекте Қостанай облысының батысында және солтүстігінде жауын-шашын (жаңбырдың арты қар), көктайғақ күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады деп болжады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде ауа температурасы -3°C шамасында болады деп күтілуде. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі бар.
Метеорологтар Қостанайда да қар жауады деп болжаған.
Қостанай полиция басқармасы Instagram парақшасында жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады. Жүргізушілерге жаңбыр мен қардан соң жол тайғақ екені ескертілді.
Жүргізушілерге арақашықтықты және жылдамдықты сақтауға кеңес берілді, ал жаяу жүргіншілерге жолдан тек белгіленген өткелдерден өту туралы ескертілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2291401-qostanai-oblysynda-qar-zhaudy-video/