jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Мұрат Досмұратов өмірден өтті

Мұрат Досмұратов
Мұрат Досмұратов. Фото: kmg.kz

Бүгін таңертең "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС-нің мұнай өңдеу және мұнайхимия бойынша директоры, Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Мұрат Досмұратов дүниеден өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақпаратты NUR.KZ тілшісіне "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС растады.

"Ақ Жайық" басылымының хабарлауынша, алдын ала мәлімет бойынша Мұрат Досмұратов жүрек талмасынан қайтыс болған.

Айта кетелік, Мұрат Досмұратов "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ны 2022 жылғы шілдеден 2024 жылғы қаңтарға дейін басқарған еді.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ұжымы мен АМӨЗ ЖШС ұжымы Мұрат Досмұратовтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ұжымының хабарлауынша, Мұрат Әбиұлы – ғибратты ғұмырын еліміздің мұнай-газ саласының дамуына арнаған біртуар тұлға.

Ол еңбек жолын "Петро Қазақстан Ойл Продакс" компаниясында технологиялық қондырғылардың операторы болып бастап, зертхана меңгерушісі, аға инженер, өндірістік-техникалық бөлімнің басшысы, бас технолог қызметтерін абыроймен атқарған.

Мұрат Әбиұлы ұзақ жыл бойы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының құрылымында, соның ішінде Kazakhstan Petrochemical Industries Inc, KLPE, Атырау мұнай өңдеу зауытында және "ҚМГ Инжиниринг" компаниясында жауапты басшылық қызметтер атқарған.

"Еліміздің мұнай өңдеу және мұнай химиясы саласындағы маңызды жобалардың табысты іске асырылуына елеулі үлес қосты. Майталман маманның адал еңбегі, өнегелі өмір жолы – өскелең ұрпақ үшін үлгі болып қала береді.

Мұрат Әбиұлының ардақты есімі мен жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады", - делінген көңіл айту хабарламасында.

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Мұрат Досмұратов өмірден өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.