Астаналықтар алғашқы қардың куәсі болды (видео)
Опубликовано:
Читать на русском
Бүгін, 29 қыркүйекте астаналықтар алғашқы қар ұшқынын көрді. Қала тұрғындары желіде табиғат құбылысының видеосын бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Қостанай облысында қар жауғанын жазған едік. Ауа райының нашарлауына байланысты жергілікті полиция жүргізушілерге үндеу жасаған болатын.
Бүгін тек қостанайлықтар емес, елорда тұрғындары да алғашқы қардың куәсі болды. Олар желіде қар жауып тұрған сәттің видеосын таратып жатыр. Кадрлардан қардың таңертең ерте түскенін көруге болады.
Айта кетейік, "Қазгидромет" мәліметі бойынша Астанада 29 қыркүйекте ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейтініне байланысты дауылды ескерту жарияланды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2291485-astanalyqtar-algashqy-qardyng-kuasi-boldy/