Алматы облысында тағы бір атом электр станциясы салынады
Опубликовано:
Читать на русском
Мәжіліс кулуарында Атом энергиясы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев екінші атом электр станциясының қай жерде салынатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Атом өнеркәсібін дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, онда Қазақстанда атом электр станциясы салынатын екінші перспективалық алаң анықталды. Келесі жер – Алматы облысының Жамбыл ауданы", - деді ол.
Оның айтуынша, екінші станция да елдің оңтүстігінде орналасады, өйткені ол жақта "жетіспеушілік" бар.
"Біз келіссөз жүргізіп жатырмыз. Қытайдың CNNC компаниясы деп түпкілікті таңдау жасалған жоқ, бірақ біз оны АЭС салуға басым мүмкіндігі бар мердігер деп санаймыз", - деді Сәтқалиев.
Еске сала кетейік, биыл 8 тамызда Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы басталды. Шараға Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен "Росатом" басшысы Евгений Лихачев қатысты. Құрылыс Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңында жүріп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2292394-almaty-oblysynda-tagy-bir-atom-elektr-stantsiiasy-salynady/