jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Каспий жағалауында шағын қуатты АЭС салынуы мүмкін

Каспий жағалауы
Каспий жағалауы. Иллюстрациялық фото: Rafael_Wiedenmeier / Getty Images

Мәжіліс кулуарында Атом энергиясы жөніндегі агенттік басшысы Алмасадам Сәтқалиев Каспий теңізінің жағалауында шағын қуатты атом электр станциясы салынуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның айтуынша, шағын және орта реакторлары бар атом электр станциясын салу үшін Каспий жағалауы әлеуетті алаң ретінде қарастырылып отыр.

"Атом электр станциясын салу мүмкіндігі бойынша тиісті зерттеу техника, қауіпсіздік, суқоймалар секілді барлық негізгі факторды ескере отырып, жақын арада жүргізілмек. Қазақстанның батысын зерттеру жоспарда бар. Бұл перспективалық аймақ екенін түсінеміз", - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Айта кетейік, бүгінгі кулуарда Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда атом электр станциясы салынатын екінші перспективалық алаң анықталғанын хабарлаған еді.

Оның мәлімдеуінше, екінші АЭС те Алматы облысында салынады.

Каспий жағалауында шағын қуатты АЭС салынуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.