Алматы тауларына қар жауды (видео)
Опубликовано:
Читать на русском
Алматыда Медеуге қар жауды. Қалада күн 9 градусқа дейін суытты. Қазақстандықтар желіде ауа райына қатысты пікірлерін жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда Медеуге қар жауған сәт түсірілген видео желіде жарияланды. Желі қолданушылары ауа райын қызу талқылап жатыр - кейбірі қуанса, енді бірі риза емес.
"Менің сүйікті жыл мезгілім", "Биыл суық ерте түсіп жатыр", "Мен мұндайды қаламаймын", "Бізде ешқашан қалыпты күз де, көктем де болмайды. Не ыстық, не суық", "Жаздық аяқ киімнен тура етікке ауыстық", "Жылу қашан беріледі", - деп пікір қалдырған олар.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстан аумағынан суық антициклон жүріп өтетінін, енді оңтүстік облыстарда да ауа райы нашарлайтыны болжанып отырғаны хабарланды. Оның ішінде Алматы облысында жаңбырдың арты қарға айналады деп болжанған. Ал қалада жаңбыр жауады деп күтілуде.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2292560-almaty-taularyna-qar-zhaudy-video/