jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Тоқаев Мұғалімдер күні қарсаңында бір топ ұстазды мемлекеттік наградамен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев және ұстаздар
Қасым-Жомарт Тоқаев және ұстаздар. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласына қосқан елеулі үлесі және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ ұстазды мемлекеттік наградамен марапаттады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Президен қаулысымен:

"Парасат" орденімен

  • Жаңбыршиева Ұлжан – Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті" КеАҚ доценті;
  • Мұсайбеков Рашид Қабдулқалиұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КеАҚ сеньор-лекторы марапатталды.

"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы берілді

  • Әбдірайымова Гүлнар Фазылкәрімқызына – "ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжі" КМК оқытушысы, Астана қаласы;
  • Ванов Қуантқан Рзаұлына – еңбек ардагері, Маңғыстау облысы;
  • Губаева Мүгілсін Мәулетқызына – еңбек ардагері, Алматы қаласы;
  • Жәмішева Сәуле Абрашқызына – "Республикалық физика-математика мектебі" КеАҚ әдіскері, Алматы қаласы;
  • Райымбекова Ұлжан Кеттешқызына – "№ 7 "Тұран" мектеп-гимназиясы" КММ мұғалімі, Түркістан облысы;
  • Серекеева Күміскүл Дүйсенқызына – "М. Дүйсенов атындағы мемлекеттік жалпы білім беру № 15 мектеп-лицейі" КММ мұғалімі, Қызылорда қаласы;
  • Талқанбаев Мұхтар Дәулетұлына – "Дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарын" лицей-интернаты" КММ мұғалімі, Жамбыл облысы;
  • Темірболатова Әлия Есқалиқызына – "Ж. Жабаев атындағы № 161 лицей" КММ мұғалімі, Алматы қаласы;
  • Шералхан Гүлмираға – "Т. Тәжібаев атындағы № 47 мектеп-гимназия" МКК мұғалімі, Шымкент қаласы;

"Құрмет" орденімен

  • Мергенбаева Назигүл Оразбайқызы – "№ 206 мектеп-гимназия" КММ мұғалімі, Алматы қаласы;
  •  Оспанова Айман Қадырқызы – "Ғ. Мүсірепов атындағы № 86 мектеп-гимназия" КММ мұғалімі, Алматы қаласы;
  • Тазабекова Рахат Қасымқызы – еңбек ардагері, Алматы облысы;
  • Таңатқанова Нағима Жақыпқызы – еңбек ардагері, Алматы қаласы;
  • Төлепова Ләззат Жайшылыққызы – "Облыстық арнаулы мектеп-интернат" КММ директоры, Атырау облысы;
  • Хамзина Шынар Ғабдісаматқызы – "Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы" КММ тәрбиеші-анасы, Батыс Қазақстан облысы;

"Ерен еңбегі үшін" медалімен

  • Әлиева Сәлима Темірболатқызы – "№ 35 мектеп-лицей" КММ мұғалімі, Батыс Қазақстан облысы;
  • Базарбаева Сәруар Оразқызы – "Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі" КМҚК оқытушысы, Солтүстік Қазақстан облысы;
  • Жалпақов Талғат Теміржанұлы – "Ақпараттық технологиялар колледжі" КМК оқытушысы, Павлодар облысы;
  • Жұмағалиева Шырын Рахымбайқызы – "К. Ушинский атындағы № 7 орта мектеп" КММ мұғалімі, Талдықорған қаласы;
  • Забиякина Оксана Сергеевна – "Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Н. Смағұлов атындағы мектеп-лицейі" КМК мұғалімі;
  • Құдайбергенова Татьяна Сергеевна – "Школа Будущего "Әділет" балабақша-мектеп кешені жеке меншік мекемесінің мұғалімі, Қарағанды облысы;
  • Қыдырпатшаева Күлзира Орзанбайқызы – "№ 8 гимназия" КММ мұғалімі, Жезқазған қаласы;
  • Омарбекова Айгүл Төлеутайқызы – "Геологиялық барлау колледжі" КМҚК оқытушысы, Абай облысы;
  • Рахымбаева Жанар Дайырқажықызы – "SOS Астана балалар ауылы" ЖББМ тәрбиешісі;

"Шапағат" медалімен

  • Лукашевич Александр Аркадиевич – Urban School ЖШС директоры, Астана қаласы;
  • Шаңбаев Дархан Түгелбайұлы – "Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі" МҚК оқытушысы марапатталды.

Айта кетелік, кеше мемлекет басшысы ұстаздарды алдағы кәсіби мерекесімен құттықтаған еді.

Қазақстанда педагогтардың кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні енді 5 қазанда атап өтіледі.

Тоқаев Мұғалімдер күні қарсаңында бір топ ұстазды мемлекеттік наградамен марапаттады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.