jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Салтанат Нүкенованың есімі Қазақстан тарихындағы айтулы тұлғалар пантенонына енгізілді

Салтанат Нүкенова
Салтанат Нүкенова. Фото: Instagram/aitym

Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың есімі Қазақстан тарихына әсер еткен қайраткерлер пантеонына енгізілді. Бұл туралы ағасы Айтбек Амангелді Instagram желісінде мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Марқұм Cалтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің айтуынша, пантеон Қостанай облысындағы Амангелді ауылында орналасқан. Ол жерде онымен аттас туристік кешен, ішінде мемориалдық қабырға мен пантеон орналасқан.

"Осы пантеонда Қазақстан тарихындағы айтулы тұлғалардың қатарына Салтанаттың есімі жазылған мемориалдық тақта орнатылды. Бұған дейін пантеонға Павлодардан бір уыс топырақ жібергенбіз. Салтанат Қазақстан тарихындағы тарихи тұлғалардың қатарына енгізілген, - деп жазды Айтбек.

Сондай-ақ ол кешеннен фото және видеолар жариялады. Салтанаттың анасы да Айтбекпен бірге пантеонға барған.

Салтанат Нүкенованың қазасы

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында Қазақстан Республикасының бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың азаматтық некедегі жұбайы Салтанат Нүкенова Астанадағы мейрамханалардың бірінде алған дене жарақатының салдарынан қайтыс болды.

12 қарашада Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Нүкенова қайтыс болған Гастроорталық директоры Бақытжан Байжанов та қамауға алынды.

Бұл іс бойынша тергеу 2024 жылдың қаңтарында аяқталды. Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесі сол жылдың 27 наурызында басталды.

Сот ашық түрде өтті, тікелей трансляция Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының YouTube-арнасында көрсетілді.

Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға қатысты өлтіру, азаптау баптарымен сотталып, 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Салтанат Нүкенованың есімі Қазақстан тарихындағы айтулы тұлғалар пантенонына енгізілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.