jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Аудан әкімдігі Салтанат Нүкенованың есімі мемориалдық қабырғаға жазылғанын жоққа шығарды

Салтанат Нүкенова
Салтанат Нүкенова. Фото: instagram.com/aitym

Қостанай облысы Амангелді ауданының әкімдігі Салтанат Нүкенованың есімі жазылған тақтайша "Ұлттық жады қабырғасы" мемориалдық қабырғасына емес, одан тыс нысанға меценаттың жеке бастамасымен қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің хабарлауынша, желідегі және БАҚ-тағы "Ұлттық жады қабырғасы" мемориалдық қабырғасына Салтанат Нүкенованың есімі жазылған тақтайшаның орнатылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

2020 жылдан бері Қостанай облысындағы Амангелді ауылында меценаттың бастамасымен көпсалалы туристік кешен салынып жатыр.

Бүгінге дейін кешенге пирамида, "Аль-Гамбра" кафесі, "Бразилия" қонақ үйі, "Эйфель мұнарасының" көшірмелері, Нью-Йорктегі "Бостандық" мүсіні, Мексикадағы Майя өркениетінің "Чичен-Ица" пирамидаларының көшірмелері, балалар ойын алаңдары және т.б. салынған.

Туристік хаб аумағында "Ұлттық жады қабырғасы" атты мемориалдық қабырға орналасқан. Онда тарихи тұлғалардың есімдері жазылған 296 ескерткіш тақта орнатылған. Аталған мемориалдық қабырға 2024 жылғы 23 мамырда монументалды өнер нысандарын орнату жөніндегі республикалық комиссиямен келісілген. Қазіргі уақытта мемориалдық қабырға жергілікті атқарушы органның балансына берілген.

Сонымен қатар, меценаттың жеке бастамасымен туристік кешен аумағындағы ("Ұлттық жады қабырғасына" қатысы жоқ) жеке меншік қайырымдылық қорына тиесілі жабық нысандардың бірінде тарихи тұлғалар мен оқиғалардың атаулары жазылған бірнеше ондаған тақта орнатылған. Сол тақталардың қатарында Салтанат Нүкенова есімі жазылған тақта да бар.

"Тағы да айтамыз: бұл тақтайшалар меценаттың жеке бастамасымен орнатылды", - деп түсіндірді ведомстводағылар.

Айта кетейік, Салтанат Нүкенованың есімі Қазақстан тарихына әсер еткен қайраткерлер пантеонына енгізілгені туралы оның бауыры Айтбек Амангелді желіде жазған еді.

Аудан әкімдігі Салтанат Нүкенованың есімі мемориалдық қабырғаға жазылғанын жоққа шығарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.