jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыда жаяу жүргіншілер жолағында жасөспірімді жедел жәрдем көлігі қақты (видео)

оқиға орны
Оқиға орнында түсірілген видеодан кадр: t.me/krispastana

Алматыда жол қиылыстарының бірінде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы көлік қағып кетті. Жасөспірім балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше, 7 қазанда сағат 17:20-да Әуезов ауданында болған.

"Жедел жәрдем жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытта қарсы бағыттағы жолақпен келе жатып, Береговой көшесінің қиылысында оңтүстікке қарай жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қақты", - деп түсіндірді полиция департаменті өкілдері.

Оқиға салдарынан 2009 жылы туған жасөспірім балалар ауруханасына жеткізілді.

Оқиғаның мән-жайын Әуезов аудандық полиция бөліміндегілер анықтап жатыр.

Ал желіде оқиға орнында куәгерлер түсірген видеолар жарияланып жатыр.

Ескерту! Бұл видеоны кәмелетке толмағандарға, психикалық жағдайы тұрақсыз адамдарға немесе жүкті әйелдерге көруге кеңес бермейміз!

Алматыда жаяу жүргіншілер жолағында жасөспірімді жедел жәрдем көлігі қақты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.