Алматыда кей көше қиылыстарында "вафли" жол белгісі пайда болды: ол не үшін қажет
Опубликовано:
Читать на русском
Алматының кей көше қиылыстарында "вафли" жол белгісі пайда болды – осылайша қала әкімдігі көлік кептелісі мәселесін шешуге тырыспақ, деп хабарлайды полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, "вафли" жол белгісі өткізу қабілетін арттыруға және кептеліс мәселесін шешуге арналған. Мұндай жол белгісі көлік көп жүретін қиылыстарға, нақтырақ айтқанда жол қиылысы бос емес кезде ол учаскеге өтуге тыйым салу үшін қойылды.
"Вафли" таңбалары қиылыстың шекарасын белгілеп, жүргізушілерге алда кептеліс пайда болған жағдайда ол жерге өтпеуді ескертеді.
Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, жол сызбалары:
Абай даңғылы – Назарбаев даңғылы;
Абай даңғылы – Момышұлы көшесі;
Төле би көшесі – Розыбакиев көшесі қиылыстарына қойылды.
"Бұл шара көлік жүргізушілері көп жүретін көше қиылыстарына кірген кезде жиі туындайтын жасанды кептелістерді азайтуға бағытталған. Жаңа белгілер көлік қозғалысын ретті және қауіпсіз етуге әсер етеді", - деп атап өтті Алматы қалалық Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2295776-almatyda-kei-koshe-qiylystarynda-vafli-zhol-belgisi-paida-boldy-ol-ne-ushin-qazhet/