jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Үкімет Қазақстандағы шағын және орта бизнес қызметіне қатысты басы артық шектеулерді алып тастамақ

Салық есептеп отырған адам
Салықтарды есептеп отырған адам. Көрнекі фото: krisanapong detraphiphat/Getty Images

Қазақстан үкіметі кәсіпкерлікті қолдау мен салық саясатына қатысты шешімдер қабылдады, деп хабарлайды министрлер кабинетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Жаңа Салық кодексінің шағын және орта бизнес қызметіне теріс әсерін азайту мақсатында оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдануға салынатын басы артық шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылданды. Тыйым салынған тізімде, қолданыстағы заңнамадағыдай, тек 44 қызмет түрі сақталады.

Одан бөлек, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық әкімшілендіру "таза парақтан" жүргізіледі, бұл микро және шағын бизнеске қатысты мына жайттарды көздейді:

  • салықтық тексерулер алынып тасталады;
  • камералдық бақылау алынып тасталады;
  • сот органдарына мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арыз беру тоқтатылады;
  • сот органдарына тіркеуді, қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы талап-арыз беру тоқтатылады.
  • Салықтар мен төлемдер бойынша салынған өсімпұлдар мен айыппұлдар 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін негізгі қарыз өтелген жағдайда жойылады.
  • ҚҚС бойынша есепке қою шегінен асқан салық төлеушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Сондай-ақ салық төлеушілер үшін салық және әділет органдарында камералдық және салықтық тексерулер жүргізбей-ақ, оңайлатылған тәртіппен есептен шығару науқаны өткізіледі.

Бұл жаңа Салық кодексін кезең-кезеңімен енгізуге және салық төлеушілер үшін салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге мүмкіндік береді", - делінген үкімет хабарламасында.

Үкімет Қазақстандағы шағын және орта бизнес қызметіне қатысты басы артық шектеулерді алып тастамақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.