jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстанда сиыр етінің экспортына шектеу енгізу ұсынылды

Ет
Ет. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етінің экспортына шектеу енгізуді ұсынды. Агенттік тиісті бұйрық жобасын дайындап, "Ашық НҚА" порталында жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл шаралардың мақсаты – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту, сондай-ақ сиыр етіне бағаны тұрақтандыру.

"Бұйрық жобасында Қазақстан аумағынан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ірі қара мал етін (сиыр етін) (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары: 0201 – ірі қара мал еті, жаңа сойылған немесе салқындатылған және 0202 – ірі қара мал еті, мұздатылған) үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне шығаруға сандық шектеулер (квоталар) енгізу көзделген", - делінген құжаттың сипаттамасында.

Жоба 22 қазанға дейін қоғамдық талқылауға салынбақ.

Қазақстанда сиыр етінің экспортына шектеу енгізу ұсынылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.