jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қарағандыда полиция пунктінде болған оқиғадан кейін бөлім бастығы мен оның орынбасары қызметінен босатылды

Полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қарағанды полиция пунктінде болған оқиғадан кейін қызметтік тексеріс жүргізіліп, тәртіптік комитеттің отырысы өтті, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшылығы қызметтік және әскери тәртіптің бұзылуына қатысты "мүлдем төзбеушілік" қағидасын ұстанады.

"Михайловский полиция бөлімінің тірек пунктінде болған оқиғаға қатысты қызметтік тексеру жүргізілді және тәртіптік комиссияның отырысы өткізілді. Оның қорытындысы бойынша полиция бөлімінің бастығы мен оның орынбасары қызметтерінен босатылды", - деді Қарағанды облысының Полиция департаменті өкілдері.

Сондай-ақ Қарағанды Полиция басқармасы мен облыстық ПД-дағы бірқатар басшылық қызметтегі тұлғалар қатаң тәртіптік жазаға тартылды.

"Әйелдің денесі табылуына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Учаскелік полиция инспекторы сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде медициналық мекемеде болуына байланысты заңды талаптарға сай қызметінен уақытша шеттетілді. Оны жұмыстан шығару мәселесі емі аяқталғаннан кейін қаралады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Қылмыстық істі тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

"Полиция департаменті атағына немесе лауазымына қарамастан қызмет тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін және этикалық нормаларды бұзғандарды қатаң жауапқа тартуды жалғастыратынын атап көрсетеді.

Тәртіпті, заңдылықты, халықтың сенімін сақтау – ішкі істер органдарының басты міндеті", - деді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда полицияның тірек пунктінен әйелдің денесі мен ес-түссіз жатқан учаскелік полицей табылғанын хабарлағанбыз.

Қарағандыда полиция пунктінде болған оқиғадан кейін бөлім бастығы мен оның орынбасары қызметінен босатылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.