jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"2 метр 9 сантиметр": Қазақстан Қарулы күштері тарихындағы ең бойшаң сарбаз туралы не білеміз

Әлішер Назымбек
Әлішер Назымбек сапта тұр. Фото: Қорғаныс министрлігі

"Батыс" өңірлік қолбасшылығының теңіз жаяу әскерлері бригадасында Қазақстан Қарулы күштері тарихындағы ең бойы ұзын сарбаз қызмет етеді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ең бойшаң сарбаздың есімі – Әлішер Назымбек. Оның бойы – 2 метр 9 сантиметр.

Әлішер Ақмола облысы Жарқайың ауданы Далабай ауылында дүниеге келген. Әлішердің бойшаңдығы нағашы атасына тартқан, себебі ол кісінің де бойы ұзын болған екен.

Әлішер Назымбек
Әлішер Назымбек. Фото: Қорғаныс министрлігі

Әлішер бала кезінен-ақ қатарластарынан ерекшеленіп, мектепте де, колледжде де көзге түсіп жүрген. Енді міне, әскер қатарында да өзінің бойшаңдығымен дараланып отыр.

Әскерге дейін сарбаз Көкшетау жоғары көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжін "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша тәмамдаған. Жастайынан спортпен айналысып, волейбол мен кикбокстан республикалық жарыстарда колледж намысын қорғаған.

Әлішер Назымбек
Әлішер Назымбек сапта тұр. Фото: Қорғаныс министрлігі

Әлішер бала күнінен теңіз жаяу әскерлері бригадасында отан алдындағы борышын өтеуді армандағанын айтады.

"Мұнда іріктеу қатал екенін білетінмін, бірақ спортпен шұғылданғанымның арқасында өзіме сенімді болдым. Қызметтен кейін әскери училищеге түсіп, офицер болғым келеді. Сондай-ақ Құрмет қарауыл ротасына түссем деген де үмітім бар. Бойым ұзын болған соң алар деген ойдамын", - дейді сарбаз.

Әлішер Назымбек
Әлішер Назымбек. Фото: Қорғаныс министрлігі

Министрліктің мәліметінше, теңіз жаяу әскерлерінде бұған дейін Денис Балюк (бойы – 2 м 8 см), Азат Мұхамеджанов (2 м 4 см) секілді бойшаң сарбаздар қызмет еткен. Енді жаңа рекорд Әлішер Назымбекке тиесілі.

Әлішер Назымбек
Әлішер Назымбек. Фото: Қорғаныс министрлігі

"2 метр 9 сантиметр": Қазақстан Қарулы күштері тарихындағы ең бойшаң сарбаз туралы не білеміз

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.