jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматы көшелерінде пайда болған жаңа жол белгісін елемеген жүргізушілерге айыппұл салына ма

жол белгісі
Жол белгісі. Фото: Алматы әкімдігі

Алматы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала жолдарына неліктен тағы "вафельді" жол белгісі сызылып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері брифингте Салтанат Әзірбекке Алматыдағы "вафельді" жол белгілерінің қайта сызылып жатқаны туралы сұрақ қойды. Әзірбек мұндай жол белгісі алғаш рет 2019 жылы екі учаскеде сынақ ретінде қолданылғанын еске салды.

"Ол кезде жол қозғалысы ережелерінде бұл норма жоқ еді. Қазір ол ресми түрде ережеде жазылған. "Вафельді" жол белгісіне, яғни бос емес қиылысқа шығу ереже бұзу болып саналады. Сондықтан қала бойынша 10 қиылыста жол белгісі сызылған", - деді департамент өкілі.

Оның айтуынша, қазір бақылау жүйелерімен интеграция жүріп жатыр, ал алдағы уақытта ереже бұзу жағдайлары тіркеледі.

"Қазір бұл функция алдын алу шарасы ретінде енгізілді. Жүргізушілер әдеттенсін, "вафельді" жол белгісі бар қиылыстарға шықпауды үйренсін деп отырмыз", - деді Салтанат Әзірбек.

Алматы көшелерінде пайда болған жаңа жол белгісін елемеген жүргізушілерге айыппұл салына ма

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.