jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматы әкімдігі Сәтбаев атындағы мектептің "сүрілетіні" жайлы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Жаңа мектеп ғимаратының жобасы
Алматыдағы жаңа мектеп ғимаратының жобасы. Фото: Алматы әкімдігі

Бұған дейін желіде Алматыдағы №56 мектептің ғимараты "сүріліп жатқаны" туралы ақпарат тараған болатын. Қала әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мектеп ғимараты cүріліп жатқан болуы мүмкін екендігі туралы ақпарат әлеуметтік желіде жария болған.

"56 мектепті толықтай сүріп тастап жатыр ма? Мұндай шешімді қоғамдық тыңдаусыз кім және қашан қабылдап үлгерген?", - деп ренші білдірді тұрғын желі парақшасында.

Бүгін Алматы әкімдігі әлеуметтік желі мен БАҚ-та тарап жатқан Қаныш Сәтбаев атындағы №56 мектеп-гимназия ғимаратын сүру туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

"Мектепте сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Қолданыстағы ғимараттарды сүру қарастырылмаған. Сонымен қатар ғимараттың тарихи қасбеті сақталады", – деді басқарма өкілдері.

Әкімдік мәліметінше, жоба аясында қазіргі заманғы білім беру стандарттарына сай оқу кеңістіктерін құру көзделген.

"Негізгі және бейіндік пәндер бойынша сабақ өткізуге арналған сыныптар, зертханалар мен кабинеттер жаңартылады. Химия, физика және биология кабинеттері заманауи зертханалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, оқушыларға тәжірибелік дағдыларды меңгеруге және зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Жоба аясында көпфункционалды спорт кешенін салу да жоспарда бар. Мектеп аумағында ашық спорт алаңдары пайда болады. Сонымен қатар кең демалыс аймақтары, заманауи асхана, кітапхана, оқу залдары және мультимедиялық құралдармен жабдықталған үйірме бөлмелері қарастырылған.

"Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылы сәуірде аяқталады деп жоспарланған. Бас мердігер – "Астана-Стройинвест" корпорациясы ЖШС", – деп мәлімдеді Алматы қаласының Құрылыс басқармасы мамандары.

Алматы әкімдігі Сәтбаев атындағы мектептің "сүрілетіні" жайлы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.