jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Семей колониясында жазасын өтеуші қайтыс болды

түрме іші
Түрме іші. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Семейде сотталған адам қайтыс болды. Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі өкілдері оқиғаның мән-жайын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство өкілдері желіде сотталғандарды ауруханаға жаппай әкетіп жатыр деген ақпарат тарағанын айтты. Олар мұның шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

"Зорлау фактісі бойынша жазасын өтеп жатқан сотталған адам денсаулығының нашарлауына шағымданып, мекеменің медициналық бөліміне хабарласты. Тексеруден кейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, дереу жедел жәрдем шақырылды", - дейді ҚАЖК өкілдері.

Өкінішке қарай, қабылданған шараларға қарамастан сотталған азамат ауруханада көз жұмған.

"Жалған ақпарат таратудың салдары бар екенін ескертеміз және ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз", - деді ведомстводағылар.

Семей колониясында жазасын өтеуші қайтыс болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.